Блогер контент үшін өзіне 40 күндік аштық жариялап, қайтыс болды

3206
Adyrna.kz Telegram

Абхазияда 40 жастағы ресейлік блогер Виталий Выграновский қайтыс болды. Ол эксперимент үшін 40 күндік аштық жариялауға шешім қабылдаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Лента.ру сайтының мәліметінше, Выграновский YouTube-те блог жүргізген, онда ол өзін-өзі сынап көруді көптен бері жоспарлап жүргенін және 40 күн бойы сусыз, тамақсыз жүретінін айтқан.

Бұл экспериментті бастапқыда ол наурыз айының ортасында Мәскеуде жүргенде бастаған. Бірақ экперименттің оныншы күніне келгенде ол Абхазияға көшуге шешім қабылдады. Өйткені қала атмосферасы жақпаған.

Жиырмасыншы күні блогер «толықтай тазаруды сезінген», бірақ оның салмағы күрт арықтап, бұлшық еттері өзгергенін байқады.

Аштықтан ол тек жүруден басқа ештеңе істей алмады, себебі басқа іспен айналысуға күші қалмады. Содан кейін оның температурасы көтеріліп, 35-ші күні ол өлім күйін сезінген. Бірақ содан кейін де блогер аштықты тоқтатпады.

Виталий Выграновский ВКонтактеде және Youtube-те шикі тағамдық диета туралы блог жүргізген. Жазылушылар Виталийдің «Глиссон ілмегінде» жаттығуларын жасағысы келгендіктен қайтыс болғанын, алайда аштықтан өте әлсірегендіктен, оның ұйқы артериялары қысылып қалғанын атап өтті. Бірақ бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер