Көпір құлап, 23 адам мерт болды

3310
Adyrna.kz Telegram

Мехикода метро көпірі құлап, 23 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соңғы мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің саны 79-ға жеткен. Бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Оқиға дүйсенбі күні кешке жергілікті уақыт бойынша шамамен 22:00-де “Оливос” және “Тесонко” станцияларының маңында болған. Метро пойызы автомобиль жолының үстінен өткендіктен, тікелей көліктерге құлаған.

Қазіргі таңда ТЖ себептері анықталу үстінде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер