Зейнетақыны үйге дейін жеткізіп бермек

2356
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда зейнетақы төлеу жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырамақ, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Парламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, заң жобасы мемлекеттік зейнетақы жүйесінде азаматтар үшін бірқатар жеңілдіктер мен жағдайлар жасау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, зейнетақы тағайындауға және төлеуге өтініш берген кезде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктер жасау мақсатында әзірленді.

Негізгі өзгерістердің бірі – зейнетақыны қолма-қол ақшамен беру, яғни тікелей үйге жеткізу, «Халық банкі» монополиясының күшін жойып, оны тағайындау кезінде бюрократияны жеңілдету.

Сонымен қатар, жаңа заң бойынша жұмыс істейтін азаматтар болашақта жұмыс істемейтін жұбайларын зейнетақымен қамтамасыз ете алады. Ол үшін ер адамдар өз кірістерінен ай сайын әлеуметтік салық төлеулері қажет. Бұл өз кезегінде болашақта бала күтімімен және отбасындағы басқа да жұмыстармен айналысатын немесе жұбайының өтініші бойынша жұмыс істемейтін әйел адамға зейнетақы беруге мүмкіндік береді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер