6 әкім қызметінен босатылды

4618
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен келесі кадрлық өзгерістер енгізідiм. Арқалық қаласының әкімі болып Асанов Әмірхан Біркенұлы, Лисаков қаласының әкімі Ыбраев Абай Сәрсембайұлы тағайындалды. Одан әрі Амангелді ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы, Жітіқара ауданының әкімі Утегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қарабалық ауданының әкімі Халықов Руслан Болатұлы, Науырзым ауданының әкімі Әбішев Қайрат Тынымбайұлы болып тағайындалды.
Жаңа әкімдердің алдына өңірлерді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту жөнінде бірқатар міндеттерді қойдым. Әкімдерге жаңа қызметінде сәттілік тілеймін!»– деп жазды басшы Instagram желсіндегі парақшасында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер