Заңның оң шешімін талап еткендер "заңсоққандар емес" - Заңгер

3897
Adyrna.kz Telegram
день прокуратуры
день прокуратуры

Халықтың құқықтың санасы қандай деңгейде? «Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты құқықтанушы Н.Баданова ханыммен болды.

-Назира ханым, құқық саласында жүргеніңізге қанша уақыт болды? Сұрақ төркінін құқықтық сананың қалыптасуынан бастайық. Жалпы құқықтық мәдениет дегеніміз не?

-Құқықтанушы деген мамандықты иеленгеніме биыл 15 жыл толады. Содан бері алдымнан көптеген құқық саласын сүйіп оқитын түлектер өтті. Түрлі тағдырға, мәселесін шеше алмай жүрген жандарға жолықтым. Негізі халық қазір заң саласынан хабардар. Оған әлеуметтік желі куә. Заңсыздыққа тап болғандар бірден сотқа жүгініп, одан шешімін таппаса жоғары жаққа хат жолдап, немесе әлеуметтік желіге жариялайды. Мұның барлығы «заңсоққандық» емес, заңның дұрыс орындалуы мен оған қол жеткізу.

Құқықтың мәдениет те заңды білумен қалыптасады. Яғни, өз құқығыңды қорғау барысында нақты фактімен, талаппен, заң аясымен жүру деген сөз. Рас, жаппай халықтый барлығы заңды біледі, құқықтық мәдениеті жіті қалыптасқан деп айту қиын. Алайда, көш жүре түзелмей ме? Бір адамның заң білгені екінші адамға әсер етпей қоймайды.

-Құқықтық мәдениет те, сана да өзінен өзі қалыптасып кетпейді. Белгілі бір дүние әсер етеді. Арнайы жұмыс істейді. Ал біздің қоғамда «құқықтық сананы қалыптастыруда» қандай әрекет етуде?

-ХХІ ғасыр. Көзі ашық, көкірегі ояу заман. Қазақстанның конституциясынан бастап барлық саладағы заң аясы интернет ресурстарында тұр. Арнайы сайттар қызмет істейді. Сайып келгенде, заңгер де өте көп. Теледидардан түрлі бағдарламаларды көзім шалды. Халыққа қарапайым тілмен «осындай жағдайға тап болсаңыз...» деп барлық ситуациядан мысал келтіріп түсіндіріп жатады. Өз құқығын қорғауға тырысқан адамға барлығы қолжетімді. Тегін консультация беретін заңгерлер де жетерлік. Тек халықтан керегі – әрекет, сенім, жігер.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот саласының мамандары, заңгерлер де әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастыруда. Мақсаты – халықтың құқықтық сауатын ашу.

-Теледидардан тек мағыналы дүниелерді айтатын бағдарламалар ғана емес, түрлі тағдырларды талқығы салатын әлеуметтік тақырыптағы ток-шоулар бар. «Баласын қайтара алмай жүргендер, үйін атағына аудара алмай жүргендер» көп келеді. Заң білмейді немесе жүгінген құзырлы орган істі дұрыс қарамайды. Кім кінәлі?

-Жоғарыда айтып өткендей, барлық адам сауатты, құқығын қорғай алатын күйде емес. Ауыл-аймақтарда, тіпті үлкен қалалардың өзінде заңсыздық көп кездеседі. Зардап шегетін халық. Амалы қалмаған адамдар әлеуметтік бағдарламаларға жүгінеді. Өкінішке қарай, қазір бағдарламалардың саны да көбейіп кетті. Бұл бағдарламалардың көптігі емес, халық жағдайының мәз еместігінде. Кім кінәлі деуге келмес, тек білім мен мәдениет жетіспейді. Осы екеуі болғанда, бағдарламаларға шығуға да ұялатын қоғам қалыптасушы еді.

-Құқықтық сананың қылмысқа әсері бола ма?

-Қылмысқа барған әр адам бұл жолдың қателік екенін жақсы біледі. Мысалы, ұрлықшыны алайық. Ол ұры. Біреудің затын рұқсатсыз алмақ түгілі, қол ұшын тигізуге болмайтынын біледі. Біле тұра алады, ұрлайды. Өкінішке қарай қылмыс азаймайды. Дегенмен, халықтың құқықтық санасы артса жемқорлық, пара берушілік жойылар ма еді, кім білсін...

-Заң білмеген адам құжаттарды рәсімдеу кезінде қателік жіберсе, оның білмегендігі көмектесе ме?

-«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды». Мысалы, құжаттарын жоғалтып, рәсімдеу барысында оларға жеңілдіктер қарастырылады.

-Қазір заңгерлер көп. Жүгінетін адамдар қарасы да көп пе?

-Сұранысқа ұсыныс қой. Зәру жандар көп. Шағын келеңсіздік орын алса да заңгерге жүгініп, мәселенің тез шешілуін қалайды халық.

Сұхбатыңызға рақмет!

 Әңгімелескен: Інжу Өмірзақ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер