Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағабетова оқушылар қай кезде мектепке оралатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
"Қазір бізде айтарлықтай қуатты қару – вакцина пайда болды. Сол себепті егер жаңа оқу жылына дейін ұжымдық иммунитетке қол жеткізсек немесе тым құрығанда халықтың басым бөлігін вакциналасақ, бұл балаларды қорғауға мүмкіндік береді", – деді Есмағамбетова брифингте.Қазір республикада он жасқа дейінгі балаларға вакцина салуға тыйым салынған.
"Балалардың отбасында, түрлі ұжымдарда вирус жұқтырмағаны өте маңызды. Сол себепті сіздерді тағы бір мәрте вакцина салдыруға шақырамын. Бұл 1 қыркүйекте балалардың мектепке, ал студенттердің университтер мен колледждерге оралуына мүмкіндік береді", – деді ол.