Сауд Арабиясының ханзадасы халқының несиесін жаппақ

4129
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Аль Сауд қарыз үшін түрмеге түскен корольдіктің 150-ден астам тұрғынына несиелерін төлеп беруге уәде берді. Бұл туралы Сауд Арабиясының Баспасөз агенттігі хабарлады.

Ол қасиетті Рамазан айында өзінің қарамағындағыларға көмектесуге шешім қабылдады. Несиелерді төлеу үшін ханзада 13 миллион саудиялық риал (шамамен 3,5 миллион доллар) бөлді.

Мұхаммед бен Салман Аль Сауд 23 миллион доллардан астам қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақшы.

 

Пікірлер