Өзбекстандағы су тасқыны: қаза тапқандар бар

19175
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның шығысында нөсер жауыннан кейін су тасқыны болды. Тасқын салдарынан екі бала көз жұмды. Бұл туралы өзбек БАҚ-тары жазды.

Әндіжан облысының Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша мамыр айының 6-сынан 7-не қараған түні облыста қатты нөсер жауып, 700 үйді су алып кеткен. Су басу салдарынан екі бала көз жұмған. Олар 2013, 2018 жылғы балалар болып шықты.

Қазіргі таңда су басу салдарын жою жұмыстары іске асуда. 2020 жылы осы уақытта Өзбекстанда "Сардоба" су қоймасы жарылып, Қазақстан мен Өзбекстанның ауылдарын су басқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер