Ауызашардағы теракт: 30 адам қаза тапты

3664
Adyrna.kz Telegram

Кеше Кабулдың батысындағы шиит аумағында орналасқан қыздар мектебінің жанында бомба жарылып, зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жарылыс салдарынан елуге жуық адам қайтыс болған. 30 адамның өлімі ресми түрде расталды. Жарақат алғандары саны — 10.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани бұл оқиғаны террористік акт деп атап, Талибан радикалды қозғалысын «террорлық әрекетті ұйымдастырды» деп айыптады. Бірақ айыпталушы тарап өздеріне таққан кінәні жоққа шығарып отыр.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ауған билігінің айтуынша, Кабулдың шиит кварталдары бұрын Ауғанстандағы Ислам мемлекеті тобының филиалы болған. Өткен жылы топ 50 адамның өмірін қиған екі қатыгез шабуылы үшін жауапкершілікті өз мойнына алған. Олардың арасында студенттер көп.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер