Қазақстан азаматтары банктерге 7,1 трлн теңге қарыз

3957
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар банктерге 7,1 трлн теңгеден астам ақша қарыз болған. Бұл соманың үштен бір бөлігін тұрғын үй несиелері құрайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі QazEconomy Telegram-каналына сілтеме жасап.

Өткен жылы республикада ипотекалық қарыздар бойынша берешек 600 млрд теңгеге өскен. Мұндай мәліметтерді Еуразиялық экономикалық комиссияның қаржы статистикасы бөлімінің мамандары берген.

Осы құжатқа сәйкес, соңғы жылы Қазақстанда тұрғын үй несиелерінің көлемі 1,8 трлн теңгеден 2,4 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20%-ға (60 млрд теңгеден 71,5 млрд теңгеге дейін) артқан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер