Чехия Ресейден 47,5 миллион доллар талап етіп отыр

4155
Adyrna.kz Telegram

Чехия Врбетицада болған жарылыстар үшін Ресейден 47,5 миллион доллар (3,5 миллиард рубль) көлемінде өтемақы талап етуге шешім қабылдады. Бұл туралы елдің қаржы министрі Алена Шиллерова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мәселенің ең қолайлы шешімі – өтемақыны халықаралық құқық нормаларына сәйкес талап ету. Егер біз қылмыстық іс жүргізудегі залалдың орнын толтыру жолымен жүрсек, көп уақыт жоғалтамыз", — деді ол Чех теледидарының эфирінде.

Айта кетейік, Чехия билігі Ресейдің барлау қызметін 2014 жылы Врбетице ауылындағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыстарға қатысы бар деп айыптаған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер