Илон Маск психологиялық ауруы бар екенін айтты

2842
Adyrna.kz Telegram

Миллиардер және бірнеше технологиялық компаниялардың негізін қалаушы Илон Маск Аспергер синдромымен ауыратынын мәлімеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аспергер синдромы — психикалық дамудың жалпы бұзылуының бірі. Ол адамның барлық назарын мүдделердің тар шеңберіне бағыттайтындығымен сипатталады. Көбінесе адамдармен қарым-қатынас кезінде қиындық туғызады.

«Мен электр машиналарын қайта құрастырып, адамдарды ғарыш кемесімен Марсқа жіберемін. Сіз шынымен мені қарапайым, сабырлы жігіт деп ойладыңыз ба?» — деді Маск.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер