Кейбір үлкендер әліге дейін Сталинді Бөкейханнан әлдеқайда артық көріп отыр

3597
Adyrna.kz Telegram
Байқап отырсам, кейбір үлкен буынның кісілері Сталинді Бөкейханнан әлдеқайда жақсы көреді. Тіпті, Бөкейхан жайында сөз қозғамайды да, оны құрметтемейді де, оның қазаққа жасаған жақсылығынан мүлдем маһрұм. Айтатындары Сталин.
Әлихандай арысты ұрпағына ардақтап, наиихаттап, оның халқы үшін жасап кеткен ерен еңбегі мен ерлігін осы үлкен буын жас ұрпаққа насихаттап отыруы керек еді. Бірақ, өкінішке орай бұлай болмай отыр.
Сталин десе жан алысып, жан берісіп отыр. Сталинды қорғағанша, кешегі Сталин қырып тастаған 4,5 миллион қазақтың құнын сұрамайды ма одан да... Шынымен біздің қазақты оңдырмай тастаған екен. Жанын да, тәнін де, рухын да әбден былғаған екен.
Бізде дәл қазір каммунисттер мен жаңа заман ұрпақтары арасында сана қақтығысы жүріп жатыр. Тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл да заңды процесс. Солай болады да. Үлкен буынның әбден уланған бөлігі Сталиннің етегінен Құранға жармасқандай тас болып жармасып отыр. Олардың пірі Сталин.
4,5 миллион қазағын қырып салса да, олардың пайғамбары мәңгіге Сталин болып қала береді. Себебі, сана солай қалыптасты.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер