Илон Маск планетаның ең бай адамы болуға дайындалып жатыр

5655
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорк қор биржасында әрбір сауда күнінің соңында күн сайын есептелетін Bloomberg Billionaires индексі бойынша SpaceX пен Tesla негізін қалаушы Илон Маск жедел сатыға жақындап келеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Соңғы бір күнде Илон Масктың байлығы 2,15 миллиард долларға өсіп, 184 миллиард долларды құраса, жыл басынан бері ол 14,2 миллиард долларға байыпты.

Әзірге бірінші орында тұрған Amazon және Blue Origin негізін қалаушы Джефф Безос өз сатысынан төмендеп "кедейшілікке" тап болды. 1 мамырдағы есеп бойынша оның 202 миллиард доллары болса, бүгінде оның капиталы 192 миллиард долларға құлдырады.

Небәрі 9 күнде Илон Маск пен Джефф Безостың байлығындағы айырмашылық 20 миллиард доллардан 8 миллиард долларға дейін төмендеді. Ал бір ай бұрын бұл көрсеткіш 26 миллиард долларды құраған.

Forbes сайтының айтуы бойынша, компанияның барлық жетекшілері арасында Илон Маск ең көп жалақы алған адам.

Saturday Night Live эфирінде Илон Маск өзінің Аспергер синдромымен ауыратынын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер