Желіде әжейді аяусыз ұрған әйелдің ақыл-есі кем екені анықталды

2840
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде әжейді аяусыз, жұдырықпен ұрып тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Журналист Ирина Советжанқызының айтуынша, әжені ұрған әйелдің денсаулығында кінәраты бар.

"Достар, бұл видеоны маған көп адам жіберді. Анасын ұрған әйелдің ақыл-есінің дұрыстығына күмәнмен қарап, алдымен анықтап алайын дегенмін. Расында да "ақыл есінің ауытқуы бар науқас әйел"деді көршілері. Бірақ өзі әрең жүрген әжейдің не себепті науқас қыздың қасында қараусыз қалғанын сұрастырып жатырмын. Әжейдің үйіне барып, жағдайын біліп келдік. Жаным әжей, "ренжімеймін" деп қояды. Қызының науқас екені жауаптарынан білініп тұр. Пікір жазғанда артық кетпейік, достар. Кімді, не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Бекен деген азамат қызы анасын ұрған Сандуғаштың денсаулығында кінарат бар екенін айғақтайтын анықтама қағазын да видеоға түсіріпті", - деп жазды Ирина Советжанқызы желіде.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер