Биыл мектептердегі соңғы қоңыраудың қалай өтетіні белгілі болды

3259
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 9 және 11 сынып оқушыларына арналған соңғы қоңырау мектепте өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«25 мамырда осы уақытқа дейін оффлайн оқып келген 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұған қоса, 25 мамырға, соңғы қоңырауға, аттестация табыстауға бағытталған барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі», - деді Аймағамбетов.

Мектеп директорларына, білім беру бөлімдері мен басқарма басшысыларына білім ошақтарындағы шараларды қауіпсіз түрде өткізу тапсырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер