Танымал әнші Қарақат Әбілдина билікке қарсы үндеу жасады

10525
Adyrna.kz Telegram

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина экс-министр Елжан Біртановты айыптауға қарсы екендігі туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Жау алыстан келмейді деген сөз бар қазақта. Кей жағдайды көріп ішің күйгенде бұл сөзбен келіспеске амалың қалмайды. Қолынан іс келетін азаматты аяқтан шалу, жала жауып, күйе жағу - қазақтың қанына сіңіп кеткен баяғы қасиеті. Ащы да болса шындық. Мұндайға етіміз де үйреніп кетті ме, шімірікпей жаланы жауып келіп отыра беретін жұртқа айналдық. Бүгінде, қазақтың бір азаматы, білікті маман иесі Елжан Амантайұлы Біртанов «жаптым жала, жақтым күйе» дегенге кетіп отыр.

Өзін танимыз. Адалдығын, азаматтығын білеміз. Әкесі де денсаулық саласына еңбегі сіңген құрметті адам. Сондай әкенің аса қатал, қатаң, мықты тәрбиесімен өскен ұлдың ондай әрекетке баратынына сенбейміз. Біртановтай азаматтың «кім жұмыс жасайды, соның аяғынан шалатын әдейі қастандықтың» жемтігі болып кетпесе екен деген тілек. Айды етегіңмен жасыра алмайсың, өз атын жабу үшін бір жақсыны құрбан ететін сұмырай саясат бар елімізде. Сол сұрқия саясаттың кезекті құрбаны ретінде Біртановты көздеп отырғанын көп қазақ іші сезіп, біліп те отыр! Үнсіз қалуға болмайды! Ұлыңды қорға, қолда Қазақ елі! Мен Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!» - деп жазды Қарақат Әбілдина.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото оinet.kz сайтынан)

Пікірлер