Ресейдегі мектепке оқ жаудырған жігіт қылмыс жасайтынын алдын ала ескерткен

3128
Adyrna.kz Telegram

Қазан қаласындағы мектепте болған атысты ұйымдастырған Ильназ Галявиев адамдарды қыратынын алдын ала ескерткен болып шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

19 жастағы жігіт бұл туралы Mash Telegram арнасында мәлімдеген.

Болжам бойынша, атыс алдында ол бірнеше рет мәлімдеме жасаған.

«Құдай секілді менің құлдарым екендеріңді мойындағандарыңды қалаймын. Барлығын, мен не қалаймын, соның бәрін істеулерің керек. Әрқайсысың 10-нан аса адамды жер жастандырып, өзіңнің де құрығаның жөн. Әлемде тірі жан қалмауы керек, бұл ғаламшардың қателігі», - деген бір жазбасында.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото zakon.kz сайтынан)

Пікірлер