Дүниедегі ең мәдениетті, ең бақытты ел - Норвегия!

4975
Adyrna.kz Telegram

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ БАҚЫТТЫ МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИСТІК ЕЛ

Норвегия – дүниедегі ең бақытты, мәдениет мен демократиялық құндылықтардың, ғылыми техникалық прогрестің өркендеп дамыған ошағына айналған ел. Бұл бақытты елде ең басты қолға алынған шаруа – мәдениет пен өнер болса, одан кейін ғылыми техникалық прогресс алға шығады.

Норвегияның әрбір қаласына келген туристтер ең алдымен қалалардың, демалыс орындары мен табиғатының мұнтаздай тазалығына таңырқаумен болады. Демалысқа келген туристтер осы уақытқа дейін бұл елге теріс көзқарас қалыптастармапты.
Елде өкіметтің тарапынан мәдени саясат бағдарламалары ерекше қолға алынған. Норвегия билігі мәдени саясатының өзімен-ақ дүниені таң қалдырып отыр. Бұл елде тазалық сақтау елге деген кіршіксіз адалдықтың белгісі болып саналады. Елде жастардың шығармашылық әлеуетіне өте жоғары көңіл бөлінген. Сол себепті әдебиетті оқытуға мемлекет тарапынан барынша жағдайлар жасалып, қай кітапхананың есігін ашсаңыз да тегін қызмет ететін жағдайлар жасап тастаған. Кітапханалардың бәрі де әлемдік стандарттармен, озық технологиялармен жұмыс жасайды. Мәдениетті дамыту мақсатында елде мемлекеттің тарапынан мемлекеттік гастрольдік театрлар мен көркемсурет галереялары, ұлттық телеарналар мен ұлттық радиолар жұмысын тоқтатпай жүргізіп тұрады. Норвегиялықтар шет елдерден келген туристтер үшін өздерінің тарихи-мәдени экспонаттары мен мұражайларын ашып тастайды екен. Елдің тарихын танытуда ең басты рөлді ұлттық мұражайлар атқарады. Елде туризм өте жақсы жамыған. Коррупция деген атымен жоқ.

Ғылыми технологиялық әлеуеті.
Елде 300 ден аса ғылыми зерттеу институттары мен 300 ден аса өндірістік лабораториялар, 40 тан астам ғылыми қоғамдық бірлестіктер, жаратылыстану ғылымдары бойынша 150 ден астам арнайы ғылыми мамандандырылған ғылыми орталықтар жұмыс жасайды. Ғылыми зерттеу институттары мемлекеттік, жоғары оқу орындары мен жеке тәуелсіз орталықтарға бөлініп, мемлекеттен қаржыландырылады. Елде ғылыми әлеуеті ең жоғары 4 университет жұмыс жасайды. Олар мыналар: Осло, Тромсе, Бергене, Тронхейме. Мемлекеттің билігі заманауи принциптерге негіздеп, «Мемлекеттік ғылым және техника» комитетін құрған. Олардың өзі бірнеше салаларға бөлініп жұмыс жасады. Әрқайсысында ғылыми консультативті кеңестер жұмыс жасайды.

Ғылыми және мәдени әлеуетінің мықты қолға алынуының арқасында бұл ел адамдарының өмір сапасы жағынан әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына кірген. Давостағы әлемдік экономикалық форумда Норвегияны тұрғындарының өмір сапасы мен денсаулығы жағынан ең жоғары деңгейге жеткен бақытты ел деп таныған. Қоғамның әлеуметтік таптарының барлығы да мемлекеттің көмегінен тыс қалмаған. Бәріне де мемлекет тарапынан толық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта елдің ЖІӨ адам басына шаққанда 75 504 АҚШ долларынан келеді. Мемлекет инвестициялық қоры жағынан да жоғары потенциялға қол жеткізіп отыр. Бары жоғы 5 миллионнан астам халқы бар елдің ұлттық бюджеті триллионнан аса долларды құрап отыр.

Ғылым мен технологияға, демократия мен мәдениетке аса көңіл бөлген елдің халқы 21 ғасырда өзіне лайық деңгейде, өзіне лайық әлеуетті жағдайдағы молшылықта ғұмыр кешіп жатыр.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер