Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды

2857
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласына келді. Сапар барысында түркі әлемінің астанасында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралау жоспарланған», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Елбасы Түркістан қаласындағы «Тұңғыш президент саябағын» абаттандыру жұмыстарымен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер