«Үйленуді жоспарлаған»: Айтпаеваның өліміне күдіктінің адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады

3095
Adyrna.kz Telegram

Грузияда қаза тапқан қазақстандық арудың өліміне айыпталушының адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оның айтуынша, Бесік Тордуа мен Әсел Айтпаева танысқандарына аз уақыт болғанына қарамастан, үйленуді жоспарлаған.

«Бардуа марқұммен жақсы қарым-қатынаста болды. Тіпті аруға үйленгісі келді. Олардың бірге болғысы келгендігі және қарым-қатынастарында зорлық-зомбылық болмағаны туралы дәлелдер бар. Азаматқа қарсы айыптаулардың ешқандай дәлелі жоқ»,– деді Лаша Шукакидзе Sputnik Грузияға берген эксклюзивті сұхбатында.

Адвокаттың айтуынша, бірнеше куәгерлердің айғақтары Тордуа мен Айтпаеваның арасында ешқандай келіспеушілік болмағанын растайды.

«Әсел өз қалауымен айыпталушының үйіне көшіп келген. Әпкесінің күйеуі Мурад қызды екі күн бойы зорлаған. Болған оқиғаны Тордуа 30 сәуір күні білген. Кейіннен ару жездесінен қорқатынын хабарлап, жігітінің жанында болуды қалаған. Мән-жайды білгеннен кейін азамат полицияға хабар бергісі келген, бірақ қыз бөлімшеге барудан бас тартқан»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер