12 мамыр – Халықаралық медбике күні

4268
Adyrna.kz Telegram

Медбике персоналы медициналық персонал құрылымындағы барынша көп санаттықұрайды, оның үлесіне барлық денсаулық сақтау кадрларының шамамен 60% - ы келеді (ДДҰ деректері бойынша), бұл ретте Қазақстандағы мейіргер ісі мамандарының үлесі 70%.

Соңғы 10 жылда орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 78,6-дан 95,3-ке дейін өсті. Бүгінгі таңда республикада 185 мыңнан астам орта буын мамандары жұмыс істейді, яғни дәрігерлер санынан 2 есе артық. Бұл – медициналық көмектің тиімділігі көбінесе медбикелердің кәсібилігіне және жаңартылған мейірбикелік қызметке байланысты екенін көрсетеді.

Медбике ісінің академиялық бакалаврлары мен магистрлерін даярлау Қазақстан Республикасының 7 жоғары оқу орнында жүргізіледі. Академиялық бакалаврлардың жыл сайынғы шығарылымы орта есеппен 200 адамдай, медбике ісі бойынша магистрлер 10 адамнан аспайды.

Орта буын медбикелерін 89 медициналық колледж дайындайды, оның ішінде 24 мемлекеттік, 65 – жеке меншік. Мамандарды даярлау 8 мамандық және 16 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын 19 мыңнан астам орта медициналық қызметкерлер (бұдан әрі – ОМҚ) дайындалып шығадышығару, оның 7 мыңнан астамы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша.

Медбике қызметінің даму тенденциялары қазіргі Денсаулық сақтау жүйесіндегі медбикерөлінің едәуір артуымен байланысты және медбикелік білім беру жүйесін реформалаусыз бұл мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстанда медбике ісін реформалау қажеттілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар номенклатуралық және бағдарламалық құжаттарында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мейірбикелердің мәртебесі мен рөлін арттыру жөніндегі іс-шаралар, ОМҚ-ға бірқатар функцияларды беру және медбике ісі мамандарының рөлі мен міндеттерін кеңейту, клиникалық медбикелік нұсқаулар мен операциялық рәсімдер стандарттарын (ОРС) енгізу, сондай-ақ ОМҚ-ны басқару және дамыту жөніндегі шаралар кешені көрсетілген.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің ұғымдық бөліміне мынадай ұғымдар енгізілген: клиникалық мейіргерлік нұсқаулық – пациенттерге күтім жасау жөніндегі мейіргерлік персоналға арналған, пациенттерді басқаруда профилактикалық, диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын пайдалануды көздейтін ғылыми дәлелденген ұсынымдардан тұратын құжат; мейіргерлік күтім – барлық жастағы, топтағы және қоғамдастықтағы, науқас немесе дені сау адамдарға мейіргерлер мен кеңейтілген практикадағы мейіргерлер көрсететін, денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастарға, мүгедектерге және ауыр халдегі дамдарға күтім жасауды қамтитын медициналық қызметтер кешені.

Кіші медбикелерден бастап медбике ісі бойынша PhD докторына дейін Мейіргер ісі мамандарын даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілді. Жұмыс істейтін медбикелерге жеделдетілген және икемді даярлау бағдарламалары бойынша жоғары және орта білімнен кейінгі медбикелік білім алуға мүмкіндік беретін Медбике ісі бойынша академиялық және қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламалары әзірленді.

Республиканың 37 медициналық колледжі жоғары колледждер мәртебесіне ие болды және медбикелік күтімді жүзеге асыра алатын, пациенттерге, олардың туыстарына ауруды басқару бойынша консультация бере және үйрете алатын, денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асыра алатын қолданбалы бакалавр – кеңейтілген практикадағы медбикелерді даярлауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, кеңейтілген практикадағы медбикелер дәрігерден жеке дербес қабылдауды, динамикалық бақылауды, консультация беруді, ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде оқыту мен патронажды жүзеге асыратын, скринингтер, вакцинациялар және бірқатар диагностикалық, емдік рәсімдер жүргізетін болады.

Әлемде де, республикада да медбике ісінің даму үрдісі оның МСАК пен стационарлардағы клиникалық рөлін күшейтуге бағытталған, бұл, бірінші кезекте, оның функционалдық міндеттерін кеңейтуді және бірқатар функцияларды дәрігерден өз құзыреті шегінде медбикеге беруді, оның ішінде бастапқы дербес қабылдауды, аурулар мен олардың асқынуларының профилактикасына бағытталған қызметті көздейді.

Медициналық ұйымдардың қолданбалы бакалаврлардың жұмысына дайындығын қамтамасыз ету, жоғары колледждердің клиникалық базаларында білікті медбикелерпрактикасын құру, медбике қызметінің мәртебесін арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеті өңірдегі практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында және Республиканың 7 жоғары медициналық колледжі мен 31 пилоттық медициналық ұйымының базасында мейіргер қызметінің жаңа моделін әзірлеу және енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруда.

Медбике қызметінің жаңа моделін дамыту шеңберінде:

- дәрігердің бірқатар функцияларын бере отырып, «кеңейтілген практика медбикелері» лауазымы енгізілді,

- 31 пилоттық медициналық ұйымның базасында мейіргер қызметінің жаңа моделі енгізілді,

- «Медбикелер ісі» мамандығы бойынша даярлаудың барлық деңгейлерінің білім беру бағдарламаларына 15 клиникалық медбикелік нұсқаулық әзірленіп, енгізілді,

- 45 стандартты операциялық процедура, мейірбикелік құжаттаманың 33 бастапқы нысаны әзірленді,

- мейіргерлік диагноздар жіктеуіші бейімделді.

«Медбике ісінде білім, тәжірибе және ғылымның үштұғырлығы» Жол картасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде 2021 жылға жоспарланған:

- медбикелерге арналған сертификаттау курстарының бағдарламаларын жаңа мамандықтар бойынша іске қосу,

- мейірбикелік диагноздар мен мейірбикелік араласулардың ұлттық жіктеуішін енгізу,

- клиникалық мейіргерлік нұсқауларды, кеңейтілген және тапсырылған мейіргерлік құжаттама нысандарын, операциялық рәсімдер стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу,

- ҚДСБ-да мейірбике ісінің үйлестірушісі лауазымын енгізу және т. б.

Республикада медбике ісінің одан әрі даму перспективалары – денсаулық сақтауда медбике персоналын ұтымды пайдалану мақсатында кәсіби өсуді, медбикелер мансабын дамытуды, тиімді кадр саясатын қамтамасыз ету, білім деңгейін, көрсетілетін медбике көмегінің күрделілігін, көлемі мен сапасын ескере отырып, мамандардың еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, олардың арасында барлық деңгейлерде көшбасшылық әлеуетті дамыту, сондай-ақ медбикелерді Денсаулық сақтау саясатын айқындау мәселелеріне тарту.

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Білім мен ғылымды дамыту орталығы әзірледі

Пікірлер