Қазақстанда бәрі керемет деген таза өтірік – Жандарбек Бұлғақов

4775
Adyrna.kz Telegram

Белгілі айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов елдегі әлеуметтік жағдай туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мемлекетте тұрғындарына қарап баға беріледі. Мемлекеті озып, адамы қалып кеткен мемлекет жоқ. Адамы байып, мемлекеті кедейленді деген де жоқ. Үйдің жиһазына қарап, иесінің тұрмыстық жағдайын байқайсыз. Біздің елде шалқыған бай да, қара нанды көз жасына шылап жеп отырған кедей де бар. Біздің елде орта тап жоқ. Біздің ел бай мен кедейден құралған. Еліміз автобусқа жол билетіне ақша әзер тапқан адамдар мен Лексус 570 мінген адамдардан құралған. Осы екі аралықта ғана өмір сүріп отырмыз. Мемлекет қуатты болу үшін ортаңғы тап көп болу керек. Мемлекетімізде бәрі керемет, бәрі дамып кетті деген таза өтірік. Бәрі жаман деген де өтірік. Құдай екі көз берген соң, жетістікті де, кемшілікті де қатар көру керек. Елімізде халыққа қызмет көрсету орталығында жетістіктер бар. Бірақ, быт-шыт болып құлдырап жатқан салалар, идеология, руханият бар. Халықтың тұрмысы нашар», - деді ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер