ИК-ның Вдудьқа берген сұхбаты: Қонаевтан кейін бізде мықты басшы болмады

2633
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік журналист Юрий Дудь «Ирина Қайратовна» тобының қатысушыларымен сұхбат түсірді.

Топтың мүшелері - әзілкеш және музыканттар Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный, Жасұлан Оңғаров, Азамат Маркленов, Ұлан Қайырласов және жобаның режиссері Қуаныш Бейсеков.

Сұхбат барысында режиссер Қуаныш Бейсеков қазақтардың кемшіліктері туралы айтып өтті.

«Бізде үлкен эго бар. Біз әлемдік аренадағы мемлекетпіз, жер көлемі бойынша әлем бойынша 9 орындамыз. Бұл туралы бәрі біледі деп ойлаймыз. Шындығына келгенде бізді көбі білмейді», - дейді ол.

Сонымен қатар журналист топтың кейінгі кездері түсірген клиптері туралы сөз қозғады.

«Біз кейінгі клиптерде Әлихан Бөкейханов, Дінмұхамед Қонаев туралы айттық. Билікте 20 жыл бойы отырып, биліктен кеткен кезде Қонаевтың кішкентай үйі ғана болды. Біле білсеңіз, ол билік еткен жылдарда бүгінгі Алматы бой көтерді. Одан кейін біздің мемлекетте мықты басшы болмады», - дейді ол.

Юрий Дудь қабырғадағы хандар мен ел басшылары тұрған суретте неліктен Назарбаевтың жоқтығын сұрады.

«Ол лайық емес. Одан да жақсырақ адамдар бар», - деп жауап берді Бейсеков.

"Адырна" ұлттық порталы

(Видеодан алынған кадр) 

Пікірлер