Дәстүрге айналған велошеру мен қайырымдылық шарасы

1763
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңіс күніне арналған веложарыс облыстық, қалалық және Қостанай аудандық мәслихат депутаттарының басын қосты. Олар 10-мамыр велосипедтерді жалға алып, жарыс басталатын алаңға аттанды.

Жол полициясының қызметкерлері қатысушыларды Жолдағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Спортшылар полиция көліктері мен жедел жәрдем көліктерінің сүйемелдеуімен оң жақ жолақпен бір колоннада қозғалуы керек еді.

- Көңіл-күйіміз өте тамаша. Бүгін біз, қалалық мәслихат депутаттары, осы акцияны қолдап, әріптестерімізге қосылуды шештік. Біз Гашекадағы жағалауға дейінгі қашықтықты еңсеруіміз керек, содан кейін қарағай отырғызуға қатысамыз. Бұл жастардың назарын экологиялық проблемаларға аударуға және біздің қаламызды көркейтуге, тазалықты сақтауға үлесімізді қосуға мүмкіндік береді, - деді велошеруге қатысушы, "Большевичка" фабрикасының директоры Арсен Жетпіспаев.

Депутат-спортшылар жағалауға дейін 14 км велосипедпен жүріп өту керек болды. Үлкен көпірге ұмтылған велосипедшілер Тобыл қаласынан өтіп, Әулиекөл трассасынан Гашек көшесі арқылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағының қақпасына жетті.

Мұнда депутаттар көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тамаша сыйлықтар - балалар велосипедтерін табыс етті. Балалардың қуанышында шек болмады.

Қайырымдылық шарасынан кейін саябақта 100 қарағай отырғызылды. Бұл Қостанайда әлдеқашан дәстүрге айналған.

Пікірлер