Маман жауабы: Отандық вакцина бала көтеруге көмектесе ме?

1925
Adyrna.kz Telegram

Бала көтере алмай жүрген онға жуық келіншек вакцина салғызған соң аяғы ауыр болғанын мәлімдеген. Бұл ақпаратқа қатысты мамандар түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Тіпті бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.

«Ол вакцинадан да болуы мүмкін. Бірақ басқа да жағдайлар әсер етуі әбден мүмкін. Дегенмен, мұндай жағдайлар тіркелгенін растаймыз», - дейді биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Алайда осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер