Әділет министрі шетелдік дипломатиялық корпусқа Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы айтты

1995
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 14 мамырда KAZPATENT ғимаратында Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасында тіркелген елшілік корпус өкілдерімен брифинг өткізді.

Марат Бекетаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Әділет министрлігі жүргізіп жатқан құқықтық реформалар туралы айтты.

Ведомство басшысы іс-шараға қатысушыларға жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті таныстырды, нормашығармашылық қызметті жетілдіру, заңгерлік кәсіпті реттеу туралы айтып, елшілік корпус өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға қатысушылар кездесу өткізілген KAZPATENT сараптама ұйымының жұмысымен танысты.

Шет мемлекеттердің елшілері Қазақстандағы әділет жүйесі мен патенттік қызметтің өзекті дамуы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстандағы елшілік корпус өкілдері үшін оларды еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысымен таныстыру мақсатында мемлекеттік органдар жоспарлаған брифингтер сериясының алғашқысы болғандығын атап өтеміз.

Пікірлер