20-дан аса адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

2902
Adyrna.kz Telegram

Тәулік ішінде 23 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Оған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері дәлел, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

15 мамырдағы жағдай бойынша 39 316 адам CVI-ден емделуді жалғастыруда (38 769 CVI + және 547 CVI-), оның 14 033 пациенті стационарда, ал 25 283 науқас амбулаториялық деңгейде.

CVI + және CVI- пациенттерінің арасында:
• ауыр жағдайда - 798 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 185 науқас,
• тыныс алу аппаратында - 107 науқас.

COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер.

2021 жылдың 13 мамырындағы жағдай бойынша аурудың 130 жаңа жағдайы тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. 99 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген:
жұқтырғандар - 54014, қайтыс болғандар - 852, барлығы - 52 615 адам сауығып кетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер