Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала оныншы қабаттан құлап кетті

3265
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оныншы қабаттан 4 жасар бала құлап кетті,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Бүгін нәресте менің көз алдымда сағат 17.23-те қайтыс болды. Ол 10-шы қабаттан ұшып кетті, бар жоғы 3-4 жаста. Барлық қызметтерге қоңырау шалынды, бірақ үлгере алмадық. Қашан ата-аналар терезелерін жауып жүреді», деп жазды Facebook қолданушысы өз парақшасында.

Бұл ақпарат елордалық ПД-да расталды.

«14 мамырда сағат 17.39-да 102 нөміріне, тұрғын үй кешендерінің бірінде 2016 жылы туылған бала 10-қабаттағы терезеден құлап кетті деген хабарлама түсті. Бала ауыр жарақаттардан сол жерде қайтыс болды», деді полиция.

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін полиция тағы да ата-аналарына кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезедегі маса торына сенбеуге шақырды.

Тағы бір апат 14 мамырда Көкшетауда болды. Абайсызда, терезе жанында тұрған бір жасар қыз құлап түсіп, қайтыс болды.

Полиция атап өткендей, жаз мезгілі басталған кезде, пәтерлердің терезелері ашық болып, балалар ата-анасының қарауынсыз қалған кезде, балалар көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кету мәселесі ерекше өзекті болып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер