"Өзің секілді әлсіздердің жанына, өзің тектес майшабақтар жиналады" — Депутат Мамайға жауап берді

8820
Adyrna.kz Telegram

Парламент Мәжілісінің Депутаты Елнұр Бейсенбаев Жанболат Мамайға жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеода "нағыз сасқан үйрек артымен жүзедінің, кейпін киіпсің Жанболат" деген Депутаттың сөзін, желі қолданушылары қызу талқыға салуда.

Елнұр Бейсенбаев өз парақшасына:

"Құрметті достар!
Меніңше, елімізде құқықтық негіздердің басты принциптері сақталатын қоғамды орнату өзімізден басталады.

Негізсіз айыптар мен жала жабуға жол бермейтін, әрбір айтылған айыптауға жауап беретін ортаны қалыптастыру өз қолымызда.
Айттың ба, дәлелің дайын тұрсын. Дәлелдей алмадың ба, заң алдында жауап беруің қажет" деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Elnur Beisenbaev (@elnurbeisenbai)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер