Сарбаз үйін сағынып әскерден қашып кетті

3409
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы әскери бөлімнен мерзімді әскери қызметші қашып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол екі күннен кейін ұсталды.

"14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ОДО-ға шақырылған 5574 әскери бөлімінің (Алматы облысы Заречный қ.) мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев өз еркімен белгісіз себеппен әскерден қашып кетті", деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Әскери бөлімнің жеке құрамы әскери қызметшіні іздеуді ұйымдастырды.

Мырзабаев 16 мамырға қараған түні Сарыөзек станциясында ұсталды. Жауынгердің айтуынша, әскери бөлімнен кетуге сағыныш себеп болған. Қазір сарбаз әскери бөлімге жеткізілді, деп атап өтті бөлімде.

Қызметтік тергеу жүріп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер