БҰҰ: Араб-еврей қақтығысы үлкен соғысқа әкелуі мүмкін

2938
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі жөніндегі арнайы үйлестірушісі Тор Веннесланд оккупацияланған Палестина аумақтарындағы жағдайды қалыпқа келтіруге шақырды. Ол араб-еврей қақтығысының үлкен соғысқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

"Дереу отты тоқтатыңыз. Біз толыққанды соғысқа жақындап келеміз", - деп жазды ол өзінің Твиттерінде.

Қазіргі таңда Израильдің әуе шабуылдары салдарынан 115 адам қайтыс болып, 600-і жарақат алды.

Айта кетейік, Газа секторының шекарасындағы жағдай дүйсенбі күні кешке шиеленісе түскен болатын. Шығыс Иерусалимде бірнеше күн бойы қақтығыстар жалғасуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер