АҚШ Ресейдің Аляскамен шектескен шекарасына 15 мың әскерін алып келді

4696
Adyrna.kz Telegram
АҚШ әскери оқу жаттығу шараларын өткізу мақсатында Ресейдің Аляскамен шектескен шекарасына 15 мың әскерін алып келді. Олардың ішінде 250  дрондары мен аппараттары бар.
АҚШ-тың Аляскадағы Ресеймен шектескен әскери базасында "Солтүстік өңір-2021" атты әскери оқу жаттығулары өткелі жатыр деп хабарлады, rusplt.ru порталы. Ал, Пентагонанің пресс-хатшысы Джон Кирби американың бірлескен әуе күштерінің оқу жаттығуы өтеді деп мәлімдеді.
Бұл әскери оқу жаттығу шараларына АҚШ-тың әуе қорғаныс әскери күштері, құрлық әскерлері, ВМС-тер мен теңіз әскерлері қатыспақ. Оқу жаттығу шараларына Theodore Roosevelt авиалайнері мен көптеген корабльдер ат салыспақ.
Бірақ бұл шараны Пентагонның өзі ғана өткізіп отыр. Өзге елдердің әскерлері шақырылмаған. Маневрлер тек АҚШ-тың Ресеймен шектескен шекараларының маңында өтеді. "Солтүстік өңір-2021" атты әскери оқу жаттығулары екі жылды бір рет өтіп тұрады.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер