Елбасыға ескерткіш орнату керек деген пікірден айнымаймын - Мәди Ахметов

3538

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов осыған дейін Елбасына ескерткіш қою туралы пікір білдірген болатын. Бұл ұсынысынан кейін халықтың сынына да ілінді. Алайда Ахметов бұл ойынан айнымағанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мен әлі күнге дейін Елбасын сол ұсынысқа (ескерткіш орнату - автор) лайық деп есептеймін. Бұл - менің жеке азаматтық ұстанымым. Елбасы - әлем бойынша мойындалған саясаткерлердің бірі және бірегейі. Көршілес жатқан Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде шекара дауына байланысты қақтығыстар болып жатыр. Құдайға шүкір, бұндай мәселе біздің елде жоқ. Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып тұрған кезде шекара мәселесін толықтай шешкен. Мына біз отырған Нұр-Сұлтан қаласын да Елбасы тұрғызған. Нұр-Сұлтан қаласын Елбасының бастамасымен көтерілген мегажоба деп білемін. Елбасының жасаған еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды деп ойлаймын», - деді Мәди Ахметов Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы