Бурахан ДАХАНОВ: Қазақтар! Келінді жапондардан алайықшы!

3765
Adyrna.kz Telegram
Əуежай салуға жер таппай дал болып, әбден сандалған жынды Жапондар 1987 жылы Әуежайды амалсыздан судың үстіне салуды жоспарлапты нақ. 2 жыл бойы тынбай жүргізілген жұмыстардан соң аэропорт орналасатын арал (54 гектар+ 1999 жылы қосылған 62 гектарлық аралды қосыңыз) жасалып, жəне жағамен аралдың арасын қосып тұратын 3674 метрлік көпір дайын болады.
Айтпақшы көпірдің астында әр 16 минут сайын қатынайтын "барып кел, шауып кел" метро желісі бар. Сөйтіп 1994 жылдың қысында əуежай салынып бітіп, оған "Кансай" (қонсай) атауын беріпті әкің. Қазір бұл əуежай əр түрлі дəрежедегі ұшақты қондырып, ұшыра алатын Азиядағы ең мықты жəне ең табысты əуежайлардың қатарына еніп отыр. Нақтырақ айтсақ əуежай əлемнің түкпір түкпіріне аптасына 320 мыңнан астам адамды аттандырып отырады екен. Өзіңіз есептей беріңіз. Қысқасы керемет. Тағы бір айта кететін жайт, Арабтардың қолдан жасаған аралдарын осы Жапондық екі құрылыс фирмасы жасап берген екен. Ол ол ма, Алматыдағы Қазақстан қонақ үйін 1970 жылдары Жапондар сап берген, оның үстіне Семейдегі теңдесі жоқ көпірді Қазақтарға Жапакеңдер сыйға тартқан деседі.
Қалай ойлайсыз, Жапондардың осындай болуына кім кінәлі? Не себеп? Айтпақшы жапондардың тағы қандай жетістіктерін білесіз? Бүгін- ертеңнен бастап Жапон, Неміс, Кәріс халқының жетістіктерін аударып салып отырамын деп шештім. Біраз мотивация болсын бізге.
Алдында Жапондар неге осындай дегенде бес— алты адам:
- Жапондар балық көп жейді, сол себепті экономикаға келгенде де суда жүзген балықтай деп еді нақ. Балық жейік біз де. Мүмкін көмегі тиер. Оу Қазақтар қатын, тоқал, келін дегендерді Жапоннан алайықшы. Сосын жатайық Қапшағайдың үстіне аэрапорт сап тастап әкің.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер