«Айша бибі» шипажайы: дертке – дауа, жанға – тыныс

6724
Adyrna.kz Telegram

Сарыағаш курорттық аймағында ем алуды көптен бері армандаған жайымыз бар еді. Бұл ниетіміз «Айша бибі» шипажайының қасиетті Рамазан айының күндеріне сәйкес келіпті. Біз де көрмей-білмей тұрып-ақ шипажайдың «Айша бибі» деп аталуы ықыласымызды аударды. Кейінгі жылдары елімізде келіссе де, келіспесе де шетелдік атауларға үйірсектегіш, еліктегіш, өзіміздің төл дүниемізді місе тұтпай, жаттың бәрін керемет көретін дертке шалдықтық. Ал мына мекеменің атауы қазақша ғана емес, тарихи бастаулардан негіз алатын, Айша бибідей бүкіл түрік халықтарына ортақ тұлғаның есімі берілуі – елге деген махаббаттың, Отанға үлкен жүректің нышаны дерсіз.

Сарыағаш – көрікті мекен

Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстандағы ең көкорай шалғынға бөленген, ағашы мен суы мол өлке. Мұнда жылдың кез келген маусымында ем алуға болады. Әдеттегідей қыруар халық ем алуға ең қолайлы мезгіл күз бен көктем айларында келеді. Қыста да ауа-райы жылы. Сонымен қатар, қыста келушілерге, нақтырақ айтқанда, «Айша бибі» шипажайында айтарлықтай жеңілдіктер қарастырған.

massagepiavki
Сарыағаштың сұлу көрінісі – алыстан қол бұлғаған тауымен, жазиралы жайылымдарымен айқындала түседі. Құрамы миниралды заттармен бай Сарыағаш бар демалушыға танымал. Енді оны бар әлемге әйгілі етіп, дүниенің түкпір-түкпірінен келетіндей етіп насихаттау ісі алдымызда тұр. Сарыағаштың шипажайлары жайында ағылшын тілінде интернет сайттар, мақалалар, видео-роликтер көптеп әзірлесек, таңсық дүние іздеген шетелдіктер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келе бастар еді. Онда оларға қызмет көрсететін ағылшын тілді мамандарға да сұраныс туады. Елдің бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы осылай басталмақшы.

img_0964 img_1256
«Айша бибі» санаторийі өзінің географиялық орналасу жағынан және көп миллионды халқы бар Ташкент шаһарына 20 шақырым жерде орналасуы туристердің жолаушылап қайтуына ыңғайлы. Ұлтымыздың арғы-бергі тарихындағы арыс азаматтардың мәңгілік мекені болған киелі топырақ Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Иассауи кесенелеріне, қасиетті Түркістанға сапар шегуге, Шымкентке, Ташкентке, Әмір Темір сағанасы бар Самардқандты көріп қайтуға мүмкіндік мол.

Жүзі жылы қызметкерлер

Алматыдан шаршап-шалдығып Сарыағаштағы «Айша бибі» кешеніне жеткенімізде шипажай қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. Жайма шуақ жайдары кейіпте қарсы алған кезде мекеме қызметкерлері риясыз көңілі барлық жол ауыртпалығын да ұмыттырып жібергендей болды.

lechenie_1
Мұнда барша мейірбикелер, асхана қызметкерлері үнемі күлімсіреп, емалушыларға айрықша ықылас танытуға тырысып тұрады. Білмеген дүниеңізді түсіндіріп, бағыт-бағдар, мағлұмат беруден еш жалықпайды. Ем алушы жұрт та бас қоса қалса болды, даяшылардың сыпайылығын, қызметкерлердің ілтипатын, дәрігерлердің білімділігін, сабырлы, салихалы мінезін айтып қауқылдасып жатқаны.

img_0991img_1057
Күнделікті шипажайдың кешкілік би алаңында жасы егде демалушылармен жас балаға дейін қазақтың әндеріне би билеп көңіл көтереді. Бұл бір жағынан демалушыларға, емделушілерге дене жаттығуы десе де болады.
pitanie_4814img_1177

Әрбір Ұлыстың ұлы күні – Наурыз, Ауызашар, Ораза Айт, Құрбан Айт және тағы басқа мерекелерге шипажай дастархан жайып, 200 адамдық бас қосулар ұйымдастырып тұрады. Ораза Айтқа арналған меркелік дастарханның біріне өзіміз қатысып, жомарттықтың куәсі болдық. Осы шипажайға өмірін арнаған мекеме басшылары, дәрігерлер, жас мамандар сөз сөйлеп, құттықтау сөздерін арнады. Ал емделушілер шипажай басшылары мен қызметкерлеріне арналған алғыстарын айтып жатты.

img_1150img_1159

 

Сарыағаш суының қасиеті

Сарыағаш суы – Сарыағаш минералды суы, Келес артезиан алабы өңірінен 1946-48 жылдары табылды. Шипалы-термальды суы сеноман ярусында, 800-1170 метр тереңдікте, әрқайсысының қалыңдығы 150-200 метр. Ол құмтас, қиыршықтас, саз қабаттарында кездеседі. Суы азотты, минералдылығы 0,5-0,8 г/л, гидрокарбонатты-натрийлі, сілтілі болып келеді. Кремний қышқылының (30-40 мг/л), фтор (1,5-4,4 мг/л) мөлшері көп.

img_1132

Суының температурасы – 48-51°С. Ұңғымалардан секундына 5 литр су арындап шығады. Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м3 су алады. Сарыағаштың шипалы суы дәмінің өзгешелігімен, емдік қасиеттерімен, сапасының жоғарылылығымен үлкен сұранысқа ие. Осы минералды су кені негізінде «Айша бибі» шипажайы жұмыс істейді. Судың табиғи емдік факторларын (минералды суы, емдік балшығы, климаты) негізінен ас қорыту жүйесінің, бүйректің созылмалы қабынуларын, буын ауруларын емдеуге, өт тазалайтын, іш-құрылыс тазалайтын,қант түсіретін, ұйқы безін емдеуге негізделген.

img_1139img_1141

Көп салалы ем-дом

Мұнда сан салалы ем жүргізіледі. Фитотерапия, яғни төрт мезгіл шөп дәрілер қайнатылып беріледі. Осында арнайы табиғи биологиялық дәрі-дәрмектер сатылатын арнайы дәріхана да бар.

lecenie_3img_1100

Бұл жерден тіпті емдік, физио-терапиялық, массаждық құрал-жабдықтарды да сатып алуға болады. Шипажай басшылары мекемеге Жаңақорғаннан емдік саз балшықты да алдырып, буын аурулары мен суық тиген демалушылардың алғыстарын арқалап, ризашылықтарын алып отыр. Қан қысымы жоғары демалушы үшін қолданылатын сүлікпен емдеу терапеясы ел-жұрттың әрдайым көңілінен шығып келеді. Шипажайда сан салалы ем түрлері қолданылады. Мысалы, парафин-озекерит, электрофорез, амплипульс, УФО, ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, әртүрлі дәрілік шөптермен, пантамен дайындалатын минералды ванна мен душ, балқарағай мен панта бөшкесі, массаж және тағы басқалар.

img_1280

Әркім өз қалауы бойынша өз денсаулығына қажетті емін-еркін таңдауға құқылы. Қан қысымы жоғары кісілерге ыстық ем түрлерін алуға болмайтындығы ескертіледі. Үнемі емделушілердің қан қысымы өлшеніп, тексеріліп тұрады.
img_1126

Мекеме басшылары үнемі емделушілермен кездесіп, олардың өтініштерін, ескерпелерін ескеруге, жылы шырай танытып, демалушылардың хал-жағдайын сұрап жүреді. Бұл – ең бірінші ел алдындағы жауапкершілікті сезіну болса, екіншіден, емделушілер үшін жылы қарым-қатынастың өзі бір ем-дом болып табылады. «Айша бибі» шипажайының қызметкерлері «көбіне ыстық ем қолданылатын мезгілде, суық суға түсуге, бассейнге түсуге болмайтындығы жайында кеңестер жиі айтылады. Емделуші демалушы суықтап қалса, барлық ем далаға кетеді. Емделу кезінде демалушылардың суықтап қалу қауіпі жоғары болады» дейді. Расында, емделушілердің дұрыстап толықтай ем алып, олардың шипажайдан кеткеннен кейін де ауырмауын ойлайтын шипажай басшылары кемде-кем болар.
luks-nomer-1024x683luks-1024x683

«Айша бибіде» бәрі де жаңа, сапалы жиһаздар, соңғы технология, білікті, іскер мамандар ұйымдастырылған. Мұнда келген демалушылардың бәрі сапалы ем алып, алғыс айтып ауырған ағзасына шипа болғанына қуанып, тағы да келеміз, Алла бұйыртса деп қоштасуда.

img_1041

Нұрсұлу ЕРМЕКБАЕВА,
«Айша бибі» шипажайының меңгерушісі:
- «Айша бибі» шипажайы 2013 жылы ашылды. Мен осындағы қызметке мекеме ашылмастан бұрын алғашқылардың бірі болып келген едім. Содан бері осы мекемеде тұрақты қызмет етіп келемін. Мекеме басшылары Жұмабек аға мен Тұрсынхан апай емге қатты көңіл бөледі. Сол себепті, бізде емнің түрлері өте көп. Емделушілер сыртқа шықпай бір ғимараттың ішінде ем алады. Мұның өзі үлкен артықшылық. Көптеген шипажайларда асхана бір жақта, жатын бөлмелер бір жақта, ем алу бөлімдері басқа жақта орналасқан. Мұндай жағдайда емделушілер сыртқа шығып, желден тері қатып жатады. Сарыағашта негізінен демалушылар терлеу арқылы ем алады. Ал тер қатып қалса, ем бола қоймас. Тіпті ауруды асқындырып алуы да ықтимал. Сол себепті, емделушілер көбіне бізді таңдап жатады. Әсіресе, емнің қадірін түсінетін үлкен жастағы демалушылар пікірі осыған түйіседі.
Алдыңғы жылдары 300 зағип демалып-емделуші жандармен де жұмыс жасадық. Зағиптармен жұмыс жасап, оларға қызмет көрсету оңай емес екенін өздеріңіз де топшылап отырған боларсыздар. Әйтсе де, біздің қызметкерлер олардың да көңілінен шыға білді. Олар шипажайды қимай қоштасты.
Біздің шипажайда 65 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың сапалы жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалған. Әр бала санына байланысты жалақыға қосымша үстеме қосылады. Сонымен қатар, қызметкерлер мен жұмысшыларға үй алуға немесе үй салуға байланысты қаржылай көмек те көрсетіледі. Кейін ол қаражат айлықтан ұсталып отырады. Қызметкерлеріміздің басым бөлігі – жастар. Осында жүріп бір-бірімен танысып отау құрып жатқандары да бар. Қаншама жастар басшылардың қамқорлығы арқасында үйлі болып, тұрмыстарын түзеп келеді.
Бүгінде шипажайда 200 адамдық орын бар. Қазір қосымша ғимарат салынып жатыр. Аз күнде ол бітсе, тағы 60-70 адамдық орын ашылады. Тиісінше, шипажайдың ауқымы кеңіп, өркендей түспекші. Заманауй жаңа емдік аппараттар және емдер қосылуда.

img_1174

Құралай ОРДАБАЙҚЫЗЫ,
«Айша бибі» шипажайының бас дәрігері:
- Демалушылар мен емделушілер ең әуелі қабылдау бөлмесінен кейін мекемеміздің дәрігерлеріне қаралады. Арнайы диагноз қойылғаннан кейін ғана емдеу процесі басталады. Мұнда ең мықты замануи технологиялар негізінде диагноздар қойылады. Шипажай басшылары жылма жыл заманауи жаңа технологияға сай әртүрлі апараттарды сатып алып отырады. Соның негізінде сапалы ем жүргізіледі. Заманауи әрі жаңа сападағы апараттарымыз бар. Мәселен, ВЛОК (внутрисосудистая лазерная очищения крови) – қан тамырларды лазерлік жолмен тазалауға арналған апарат.
Емнің ең негізгі түрі – шипалы су. Әртүрлі апараттарды көрген ел шипалы суды ішуді ұмытып кететін жағдайлар кездеседі. Әр жолы тамаққа дейін 100 грамм минералды су ішу керек және 5-10 минут өткен соң фито-шай ішіледі, ал 30 минуттан кейін тамаққа барған абзал. Бізде көп салалы ем түрлері қолданылады. Әрбір емнің арасында 15-30 минуттай үзіліс жасап, дем алып барып емді жалғастырған жөн.

img_1039

Алмас ЖҮСІПБЕКОВ,
дәрігер, хирург, уролог, гастроэнтолог:
- Шипажайда демалушыларға барлық жағдай жасалған. Бір мезгілде дем алып, бір мезгілде қажетті ем алып кетуге толықтай мүмкіндіктер қарастырылған. Арнайы стационарлық емдеу бөлімінде урологиялық және гинекологиялық, асқазан, бауыр, бүйрек және тағы басқа дерттерге қарсы жамбасқа, қан тамырларға дәрілік егулер жүргізіледі. Қосымша әртүрлі дәрумендер алдыртуға да болады. Қан тазарту, сүлік салу сияқты ем-дом алуға да мүмкіндіктер бар. Мұндай жан-жақты ем алуға жағдай жасалған шипажайлар кемде-кем. Парафин-озекерит, электрофорез, амплипульс, УФО, ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, Жаңақорғаннан әкелінген шипалы балшық, әртүрлі дәрілік шөптермен, пантамен дайындалатын минералды ванна мен душ, балқарағай мен панта буымен булайтын бөшке, төрт мезгіл фито шәйлер, массаж және көрші Беларусь мекенінен келетін Бишофит магнийлі минералі – 4 түрі, антистресс, буындарға, ванналарға , өт шығаруға ішетін және балшық құю, маралдың мүйізінің қаны тағы басқа ем түрлерімен «Айша бибі» шипажайына келушілерге сапалы қызмет көрсетеміз.

img_1034

Қарлығаш ҚОСПАНОВА,
«Айша бибі» шипажайының асхана бөлімінің меңгерушісі:
- Бұл минералды су адам ағзасының барлық бөліктеріне пайдалы. Құрамында көптеген пайдалы элементтер бар. Құрамы өте бай. Жоғары минералды заттар кездеседі. Бірақ, бұл суға барлық тамақ сәйкес келе бермейді. Сарыағаш суы дұрыс адам тамақтанған жағдайда ғана ем болады. Соны ем алушылар ескерсе екен дейміз. Біз тамақты еммен сәйкес келуін қадағалайыз. Мәселенкей, дәнді-дақылдардан әзірленетін тамақ іш-құрылысты тазалауға көмектеседі. Өздеріңіз білесіздер, минералды судың ең пайдалы тұсы – адамның ас қорыту жолдары. Келген демалушы Сарыағашқа ішкі ағза, ас қорыту, ішек жолдарын, өтін тазалатуға келеді. Арасында демалушылар білместікпен құнарлы тамақтар, дәмдеуіштермен әзірленген ас сұрап жатады. Біз барынша ас мәзірінің диеталық негізде әзірленетіндігін, тойып тамақ жеуді әр демалушы қатаң қадағалағаны дұрыстығын түсіндіруге тырысамыз. «Ауру – астан...» деп атам қазақ бекер айтпаған. Көптеген дерт дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туады.
Сонымен қатар, даяшылардың ізеттілігіне, емделуші демалушылардың қызмет көрсетуіне айрықша көңілдері ауып жатады. Олар үнемі күліп, жайдары болып жүруі керек. Бұл емделушілердің көңіл-күйіне әсер ететін бірінші шарт. Басшылар барлық қызметкерлерден сыпайы, биязы болуды талап етеді. Бұл біздің шипажайда дәстүр ретінде қалыптасқан жағдай. Даяшылар төрт мезгіл ем алушыларға жүгіріп жүріп қызмет жасайды. Барлық ем алушылар даяшыларға риза. Жақсы көңіл-күймен әзірленіп, ұсынылған тамақтың өзі ем болады. Емнің басты кепілі – дұрыс тамақтану. Әр аптаның әр тәулігіне, әр түрлі диеталық тағамдар мен қоса қазақи жұма күні қазақтың еті, тары, бауырсақ, сары ірімшік беріледі.

img_1061

Әлия СӘРСЕНБАЕВА, аға медбике:
- «Айша бибі» шипажайында парафинмен, балшықпен ем-дом жасалады. Парафин бойдағы буындардан суықты шығарады, денедегі тұздарды ерітеді. Ол тізеге, белге, желкеге және тағы басқа буындарға қойылады. Балқарағай буымен, панта буымен буландыру арқылы ем жүргізілетін бөшкелер де бар. Демалыссыз, мейрамсыз, таңғы 05-тен кешкі 18-00 ға дейін ем үзілісіз жіберіледі.
img_1105

Эльмира ҚҰРМАНБАЕВА, медбике:
- Мен шипажайда электрофорез, амплипульс, УФО тәрізді апараттармен жұмыс жасаймын. Бұдан өзге де бізде емдік құрылғылар жеткілікті. Дәрілік шөптермен ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, минералды сумен ауыз қуыстарын жуу тағы басқа ем түрлері жүзеге асырылады. Электрофорез жүйке жүйе сырқатына мың да бір ем болса, амплипульс тұз жиналғанға қарсы таптырмайтын дауа. УФО – ультра күлгін сәулелер арқылы ауыз, мұрын, тамақ жолдарына ем жүргізетін құрылғы. Бұл емдік құрылғы арқылы көптеген ел-жұртқа қызмет көрсетіп келеміз.

Халық ықыласы

img_1036

Жанболат ЕСЕНҒАЛИҰЛЫ, мұғалім:
- Мен отбасыммен бірге Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Абай ауылынан «Айша бибі» шипажайына арнайы келдім. «Айша бибі» шипажайы көңілімізден шықты. Қызмет көрсету сапасы өте жоғары екен. Қызметкерлерінің бәрі де үнемі жымиып, ізет көрсетіп жүреді. Медбикелер мен даяшылардың барлығы шетінен сыпайы, инабатты. Осындай жоғары деңгейдегі ұжымды ұйымдастыра білген мекеме басшыларына да алғысымыз шексіз.

img_0999
Гүлбақыт МОМЫНОВА, аспазшы:
- Мен Ақмола облысындағы Степногорск қаласынан келдім. Сол қаладағы бірден-бір көрнекті спорт-интернат мектебінің асхана меңгерушісі ретінде қызмет жасаймын. Тамақ дайындау, ас әзірлеу бойынша кәсіби маманмын деп айтуыма болатын шығар. Сол себепті, барған жерімде асханадағы олқылықтар мен артықшылықтарды бірден аңғарып отырамын. «Айша бибі» шипажайындағы ас мәзірі маған қатты ұнады. Мұндағы аспазшылар тамақты дәмді етіп әзірлеп қана қоймайды, бар ықылас-пейілімен, таза көңілмен, шын ниетпен ұсынады. Шипажайдағы аспазшылардың кәсіби деңгейі өте жоғары екендігін айтқым келеді.

img_1027
Жұмагүл ҚАЛДЫРОВА, демалушы:
- Мен осы шипажайға Ресейдің Новотроицк қаласынан «Айша бибі» шипажайына арнайы келдім. Сарыағаш шипажайына келуді көптен армандап жүр едім. Ақтөбенің Хромтау қаласында тұратын Жадгер Ужанова есімді әпкем екеуміз ақылдаса отырып осы «Айша бибі» шипажайын таңдаған едік. Әпкем екеуміз осында бірге демалып жүрміз. Таңдауымызға өкінген жоқпыз, қайта өте қуаныштымыз. Бізге мұнда массаж қызметі өте қатты ұнады. Минералды суы да тамаша екен! Ал кешкісін ұйымдастырылатын би мен ойын-сауық барлық уайым-қайғыны ұмыттырады, бойға қозғалыс әкеліп, жаттығу болады, ең бастысы, көңіл-күйді көтереді. Шипажайдың бағындырар асуы әлі алда деп ойлаймын.
Маруся ТАЖИБАЕВА, демалушы:
- Биыл 2017 жылдың маусым айының екінші онкүндігінің соңында мұнайлы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бірлестігіне қарасты «ЖетібайМұнайГаз» өңдірістік басқармасының кәсіподақ жолдамасымен арнайы оңтүстік өңірдегі «Айша бибі» сауықтыру кешеніне демалуға келдім.
Біздің кәсіподақ мұнайшыларға жыл сайын жан-жаққа демалуға жолдама беріп отырады. Дегемен де, бұл кешенде менің бірінші рет болуым. «Айша бибі» кешенінің ем-домы, қызмет көрсету сапасы, тазалығы өте жоғары деңгейде. Массаж, парафин, сүлекпен емдеу, іш құрылыстарын жуу бөлімдеріндегі жігіттер мен қыздар машықтанған мамандар, барлығы өте кішіпейіл, емделушілерге құрақ ұшып қызмет көрсетеді. Кешен басшысы Жұмабек Нүсіпұлы Алмабеков демалушылармен жиі кездесіп жүреді. Бізге мұнда қасиетті Рамазан айында демалуға бұйырған екен. Кешенде арнайы мал сойылып, Айт мерекесіне орай ас берілді. Мекеме басшысы тарапынан жасалған бұл игі іске көпшілік ризашылығын білдірді. Демалушыларға бұл да бір қазақтың дархандығы мен кеңпейілдігін көрсеткендей іс болды. «Айша бибі» сауықтыру кешені басшылығы мен қызметкерлеріне және өзіміздің «ЖетібайМұнайГаз»-дағы лауазымды тұлғалар Т. Айдынов, Т.Нысамбаев мырзаларға алғыс айтамын.


Дайындаған Арман СЕРІКҰЛЫ

Пікірлер