Қазақстанның байлары: Көш басында Кимдер

2759
Adyrna.kz Telegram

Forbes жыл сайынғы дәстүрінен жаңылмай Қазақстандағы ең дәулетті азаматтардың тізімін жариялады. 2021 жылы байлығы млрд доллармен өлшенетіндердің саны артқын. Биыл олардың саны жетеу, ал өткен жылы төртеу болатын.

Тізімге Владимир Ким, Болат Өтемұратов және Құлыбаевтар отбасынан бөлек, Kaspi банк тобының иелері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance-тің негізін қалаушы және басты акционері Тимур Турлов кірген. Олардың жиынтық байлығы 24,1 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылғы 12,7 миллиард долларлық көрсеткіштен 2 есе жоғары деген сөз.

Владимир Ким көш басында. Оның байлығы 4.7 млрд долларды құрайды. Бір жылдың ішінде ол өз байлығын 600 млн долларға арттырған. Екінші орында Вячеслав Ким тұр. Оны байлығы 4.2 млрд долларға жуық. Үздік үштікті Грузия азаматы, Kaspi банктың 23% акциясының иегері Михаил Ломтадзе 3.9 млрд доллармен аяқтаған. Артынша Болат Өтемұратов темұратов 3.5 млрд, Тимур және Динара Құлыбаевтар 2.9 млрд, Тимур Турлов 2 млрд доллар, Ибрагимовтар отбасы 980 млн доллар, Кеңес Рақышев 950 млн доллар, Сәрсеновтер отбасы 810 млн доллар, Нұрлан Смағұлов 710 млн доллар қаржымен тұр

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер