Айтыста артық айттым, ертесіне Елбасыға бардым – Жандарбек Бұлғақов

5341
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов айтыста болған келеңсіздіктер туралы AdminAnon бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бірде Айнұр Тұрсынбаевамен айтыстым. Мен бас-көз демей артық айтқан болуым керек. Әділқазылар мені құлатты. Бірақ көрермен шу шығарды. Мені жақтап жатты. Осылайша ертесі айтысты ұйымдастырған басшылар хабарласты. Жақсы айттың деп қолдағандар да, қорқытқандар да болды. Жас бала абайлап жүр дегендер де бар. «Айтқаның елбасына жетпеуі де мүмкін. Елбасының алдында айтсаң қалай болады?» деген кісілер болды. Мен келістім. Солай бірнеше ақын-айтыскер, жыр-термешілер елбасының алдына бардық. Айтыстан үзінді айттық. Термешілер өнерін көрсетті. Елбасының өзі Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан үзінді сұрады. Айтыстан үзінділерді айтты. Біз айтқан мәселелердің ауқымды мәселе екенін, шешу керек екенін жеткізді. Елбасы айтыстан үзінді айтады деген он ойласам түсіме кірмепті», – деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер