2050 жылы Қазақстан шөл далаға айналады

4329
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Келіс Жайлыбай 40-50 жылдан кейін қазақ жері шөл далаға айналады, ал елдің басым бөлігі құрғақшылықта болады деп есептейді. Ғалым  экологиялық апаттың алдын алу үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрғақшылықтың алдын алудың және оның жағымсыз салдарын азайтудың екі қарапайым әдісі бар. Біріншіден, көмірдің және жану өнімдерінің мөлшерін азайту керек. Сондай-ақ атмосферадағы көмірқышқыл газының тепе-теңдігін сақтау үшін балама энергияны көбірек пайдалану қажет. Екіншіден, Қазақстанда емен, арша, акация, тюжа, үйеңкі, каштан, джида, қарағай, теректің көп мөлшерде егу керек. Бұл өсімдіктер фотосинтездің қуатты көзі болып табылады және ұзақ өмір сүреді, – дейді ол.

Ғалым қоршаған ортаны сақтау үшін жастарды экологиялық патриотизм саласында тәрбиелеудің маңызын айтып, адамдарды жаппай ағаш отырғызуға тарту қажет екенін алға тартты. Әсіресе, бұл іске ауыл оқушылары мен ауылдық жерлерде тұратын халықты жұмылдыру қажет.

«Әр оқушы, жас маман және жергілікті тұрғын кем дегенде 5 немесе 10 ағаш отырғызса, жылына 12 миллионға жуық ағаш көшеттері өсіп шығады. Егер бұл процесс 45-50 жыл бойы жалғасатын болса, елде көптеген ағаштар пайда болады. Біздің ата – бабаларымыз «Егер алдағы бір жыл туралы ойласаңыз, егін өсіріңіз, ал егер алдағы 100 жыл туралы ойласаңыз, ағаш өсіріңіз» деп текке айтпады»,–дейді ғалым.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер