Қазақстанда аптап ыстық болады

2314
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бірнеше облысында күннің қатты ысуына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Атап айтсақ, алдағы күндері Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында термометр бағаны 40 градусқа жақындайды. Маңғыстауда температура одан да жоғары болады деп күтілуде, мәселен, кей жерлерде + 42°C. Ал Нұр-Сұлтанда ыстық ауа райы жалғасады.

Сондай-ақ республиканың оңтүстігінде синоптиктер шаңды дауыл мен желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді деп болжауда.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер