Лукашенконың ессіз әрекеті Беларусьты құрдымға жіберді

3616
Adyrna.kz Telegram

23-мамыр күні Белурась басшысы Александр Лукашенконың тікелей бұйрығымен халықаралық авиация тарихындағы үлкен қылмыс жасалды. Ол Афина қаласынан Вильнюске бет алған жолаушылар ұшағын жойғыш ұшақпен қорқытып, Минск әуежайына қонуға мәжбүр етті. Ондағы бар мақсаты ұшақ ішіндегі NEXTA телеграм арнасының бұрынғы қызметкері Роман Протасевичты тұтқындау болатын. Романға ел ішіне бүлік салды, сепаратистік әрекеттерге барды, революция жасамақ болды деген ауыр айыптар тағылуда.  Алайда Лукашенконың бұл әрекеті жазасыз қалмады. Бір күннің ішінде Еуропа елдері келесідей шешімдер шығарып үлгерді:

- ЕО елдері Беларусь еліне берейін деп отырған 3 млрд еуро берілмейтін болды. 800 млн долларды Путиннен жалынып сұрап жүретін Лукашенко үшін бұл үлкен соққы.
- ЕО ертең Беларусьтың авиациялық секторына, бизнес және экономикасына санкция салу мәселесін талқылайды.
- Украина Беларусьпен әуе қатынасын үзді. Ол Беларусь аспанын айналып өтеді.
- Латвия барлық Беларусь дипломаттарын еліне қайтарды.
- Белнефтхим және Беларускальияға қарсы санкциялар дайындалып жатыр.
- Ұлыбритания "Белавиа" ұшақтарының ұшып кіруіне тыйым салды. Швецияның SAS авиакомпаниясы Беларусь үстімен ұшпайтын болды.

Осының бәрі Лукашенконың бір ғана ессіз әрекетінен кейін іске асты. Бір адамды ұстаймын деп еліне осыншалықты соққы алып келді. Ал ұсталған Роман Протасевич тіпті NEXTA арнасынан кетіп қалғанына біраз уақыт болған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер