Ресей Сирияға ауыр бомбалаушы ұшақтарын жіберуде

2644
Adyrna.kz Telegram
Россия. Рязанская область. Самолет Ту-22М3 во время учений на аэродроме Дягилево. Фото ИТАР-ТАСС/ Марина Лысцева
Россия. Рязанская область. Самолет Ту-22М3 во время учений на аэродроме Дягилево. Фото ИТАР-ТАСС/ Марина Лысцева

Алыс қашықтыққа ұшатын Ту-22м3 бомбалаушы ұшақтары Сириядағы Ресейдің Хмеймим авиабазасына келіп қонды. Бұл туралы 25 мамырда Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мұндай типтегі әуе ұшақтары алғаш рет Хмеймим аэродромына келіп қонды. Ұзақ қашықтыққа ұшатын бомбалаушы экипаждары Жерорта теңізі үстіндегі әуе кеңістігінде жаңа географиялық аудандарда жаттығу тапсырмаларын орындауда практикалық дағдыларға ие болады», - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жаттығу аяқталғаннан кейін ұшақтар Ресейдегі әскери базаға қайтып оралатынын жеткізді.  Департаменттің хабарлауынша, Сириядағы әуежайда екінші ұшу-қону жолағын қайта салынып, қазіргі уақытта барлық типтегі ұшақтарды қабылдай алатын мүмкіндікке ие көрінеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер