Ардақ Байғабыл, журналист: Қазақстанда журналистердің 50 пайызы – лесби-гейлер!

3783
Adyrna.kz Telegram

Алматыда «Намыс» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде  Қазақстандағы ЛГБТ қозғалысының ұлт болашағына зияны туралы сөз қозғалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  Nege.kz  сайтына сілтеме жасап.

Аталған жиынға журналистер, заңгерлер, өнер адамдары, психологтар қатысқан. Жиында сөз алған спикерлер ойын ірікпей айтты. Мәселен, журналист Ардақ Байғабылдың пікірінше, Қазақстандағы журналистердің 50 пайызы – лесби және гейлер.

       «Ресми түрде мәлімдеймін, Қазақстандағы журналистердің 50 пайызы – лесби және гейлер. Мен Қазақстандағы бірнеше радиода жұмыс істедім. Ол жерден кеткен себебім де осы. Билікте де гейлер мен лесбилер аз емес!», – деді журналист.

"Адырна" ұлттық порталы.  

Пікірлер