Сынақ

2484
Adyrna.kz Telegram

Өмірде мұндайды істей алмаймын деген жағдайлар боп тұрады. Бірақ қолыңнан келді. Істедің.

Басыңа күн туғанда, шеше алмаспын дедің. Бірақ қиындықты жеңдің.

Сенен айырылғанша, өлгенім артық деген адамың болды. Айырылдың. Өлмедің. Ол күн де артта қалды.

Бастан кешкен қиындықтың арқасында бүгін сен бұрынғыдан ақылды, жігерлі, мол тәжірибелі, білімдісің. Тар жол, тайғақ кешуден аман-есен өттің.

Әлбетте, алда да қиындықтар кездесер. Бәлкім, қазір бір түйткілді шешумен айналысып жатырсың. Анда-санда артқа қарап - қолымнан түк келмейді дегенде де бәрін еңсергеніңді еске түсіріп тұр.

Еске түсірген сайын өзіңе күмән келтіру бекер екенін пайымдай бересің. Өмір алдан қанша сынақпен сынаса да, сен бәрібір алға қадам басасың.

Ең маңыздысы - сен бәрібір жеңесің!

Ральф Марстон
Аударған Шынар Әбілда

Пікірлер