Биыл тұрғын үй бағасы арзандай ма?

2405
Adyrna.kz Telegram

Елімізде «Баспана хит» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру тоқтағаннан кейін тұрғын үй бағасы қалай құбылады? Нарықта сұраныс төмендеп, үй арзандай ма, әлде, құрылыс қарқыны бәсеңдеп, баға одан сайын көтеріле ме? Бұл сауалдарға Қазақстан құрылыс компаниялары қауымдастығының президенті Виктор Микрюков жауап берді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Виктор Микрюковтың айтуынша, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар тоқтағанымен, нарықта тұрғын үй бағасы арзандамайды. Себебі құрылысқа қажетті материалдың бағасы шарықтап тұр.

Оның айтуынша, «Баспана хит» және «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыруды тоқтатқаннан кейін ипотека нарығында бәскелестік азаяды. Екінші деңгейлі банктер қарыз беру процентін өсіруі де мүмкін. Бұл қарапайым тұрғындардың қалтасына салмақ болады. Сондай-ақ бағдарламаның жабылуы өңірлердегі құрылыс компанияларын қиын жағдайда қалдырады. Өйткені сұраныс азайса, құрылыс қарқыны да бәсеңдейді.

Ал Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсіреповтің айтуынша, алдағы күндері елде жаңа үйлер 10 пайызға, екінші нарықтағы үйлер 15 пайызға арзандауы мүмкін. Оған жеңілдетілген бағдарламалардың жабылуымен қатар зейнетақы қорынан қаржы алғандар легінің азаюы да әсер етеді. Сондай-ақ еlectrocar импортына БАЖ салығы қосылады.

Келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкелінген әрбір electrocar үшін БАЖ салығы алынады. Ол көлік құнының 15 пайызына тең. Былтыр көктемде Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Ресей билігі бұл салықты 2021 жылдың соңына дейін алып тастау туралы келіскен еді. Бірақ биыл жеңілдікті одан әрі созуға ешқайсысы құлық танытпады. Өз кезегінде electrocar шығаратын Еуропалық бизнес қауымдастығы БАЖ салығын 2024 жылға дейін алып тастауға ұсыныс жасады.

Олардың айтуынша, жеңілдік одақ елдерінде electrocar  өндірісін дамытуға ешқандай кедергі келтірмейді. Айта кетейік, мамырдың ортасында Ресей үкіметі электр қуатымен жүретін көлік нарығын дамытуға 418 миллиард рубль бөлді. Қаржыны тоғыз жылда игеру жоспарланған.

Ал Қазақстан шет елден импортталған electrocar үшін утилизациялық алымды жоюға ниетті. Тиісті құжаттың жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың мақұлдауына жіберілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мамандарының айтуынша, бұл шара нарықта электр қуатымен жүретін көліктердің үлесін арттырып, елдегі экологиялық ахуалды жақсартуға және инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Ал қозғалтқышы жанармаймен жұмыс істейтін көліктерге жеңілдік жасалмайды. Өйткені утилизациялық түсімнің азаюы экологияны жақсартуға бағытталған жобалардың тұралап қалуына әкелуі мүмкін.

Биыл төрт айда қазақстандық машина жасаушылар жалпы саны 24 мың 255 техника құрастырған. Оның ішінде жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, автобус, тіркеме және арнайы техника бар. Құрастырылған өнімнің жалпы құны – 195,5 миллиард теңге. Яғни карантиндік шектеулерге қарамай, сала былтырғы жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өскен. Қаржылай табыс 12 пайызға артқан.

Мамандардың айтуынша, кейінгі кезде тұтынушылардың отандық машина жасаушыларға сенімі артқан. Себебі Қазақстан нарығындағы сұраныстың 70 пайызы өзімізде құрастырылған техниканы таңдаған.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер