Жапония мен Ресей кемелері соқтығысты: қаза тапқандар бар

3710
Adyrna.kz Telegram

Жапондық "Дай-хати Хокко-мару" балық аулау кемесі Момбецу қаласының маңында ресейлік "Амурмен" соқтығысты. Бұл туралы Ресей Федерациясының Токиодағы Елшілігі Жапонияның балық аулау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға салдарынан үш жапондық балықшы қайтыс болған.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жапон тарапымен үнемі байланыста боламыз, оқиғаның барлық мән-жайларын нақтылаймыз»,– деді Ресей елшілігі.

Жапондық балық аулау кемесімен соқтығысқан ресейлік "Амур" кемесінің Сахалин балық аулау компаниясына тиесілі екені анықталды. "Интерфакс" мәліметтері бойынша, бортта 24 адам болған. Олардың барлығы — Ресей Федерациясының азаматтары. Капитан зардап шеккендердің жоқ екенін айтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер