Жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

4520
Adyrna.kz Telegram

Елімізде I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Мәжіліс отырысында жәрдемақыны енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«I топтағы 66 мың мүгедектің ішінен әрбір үшінші адамға не жәрдемақы берілмейді я болмаса жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Құжатта себебіне қарамастан күтім көрсетушілерге жаңа жәрдемақы түрін енгізу қаралған»,—деді министр.

Баланың денсаулығының бұзылу және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының дәрежесіне қарай жәрдемақылар мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедектігі бар балаға қатысты болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер