Қажылыққа баратындарға талап қойылды

2376
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қажылыққа дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына сілтеме жасап.

Осы ретте әлемдегі пандемиялық жағдайдағы «Қажылық-2021» маусымындағы Сауд Арабия тарапының негізгі талаптарына назар аудару қажет:

— Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адам деп белгіленген.

— Қажылық жасауға 18-60 жас аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

— Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау талап етіледі. Екінші дозаны корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.

—  Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

Сондай-ақ әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек. Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс.

Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет. Алайда «Қажылық-2021» маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Сауд Арабия билігі әзірге таратпай отыр.

 «Адырна» ұлттық порталы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер