Өгей қызын зорлаған азамат сотталса да, айыбын мойындамады

2224
Adyrna.kz Telegram

Оралда өгей қызын зорлаған 33 жастағы азаматқа сот үкім кесті. 13 жастағы жасөспірімге азғындық жасаған ол енді 20 жылын темір торда өткізеді. Бірақ сотталушы айыбын сол күйі мойындаған жоқ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жылдың қыркүйек айында болған. 13 жастағы қызды өгей әкесі жалдамалы пәтерге апарып зорлапты. Арада бес күн өткеннен соң да жеткіншекті тағы төсек қатынасына түсуге шақырып, аудио хабарлама жіберген. 8-сынып оқушысы жазбаны анасына көрсетіп, сұмдықтың беті ашылды. Осыдан кейін педофил қамауға алынып, тергеу басталған.

«Орал қаласының тұрғыны Аймағанбетов 2007 жылы туған өгей қызына қатысты күш қолданып, азғындық әрекет, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Аймағанбетовтың кінәсі жәбірленушінің және заңды өкіл, куәлер, сарапшылардың айғақтарымен дәлелденді, - судья Бақыт Ермаханов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер