Қазақстандықтардың айлығы 300 мың теңгеден асатын болады

6024
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтардың орташа айлығы 5 жылдан кейін 300 мың теңгеден асады. Бұл болжамды ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жоспарға сәйкес, биылғы орташа айлық жалақы 225,5 мың теңге болса, 2026 жылға қарай ол 313 мың тенге дейін көтеріледі.

Сонымен қатар жұмыс күшінің саны 2021 жылғы 9,3 млн адамнан 2026 жылы 9,8 млн адамға дейін өседі (барлығы 19,9 млн адам болады). Оның ішінде бес жылдан кейін 9,3 млн адам жұмыспен қамтылады.

Ал жұмыссыз адамдар саны 455,7 мың адамнан 459,7 мың адамға дейін артады. Бұл жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,7%-ға дейін төмендейді дегенді білдіреді.

Сондай-ақ болжамға сәйкес, ең төменгі базалық зейнетақы биылғы 18,5 мың теңгеден 2026 жылы 22,7 мың теңгеге дейін ұлғаюға тиіс. Ең төменгі зейнетақы 43,3 мың теңгеден 58,4 мың теңгеге дейін артады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 2026 жылы 42,1 мың теңге (2021 жылы 34,3 мың теңге) деңгейінде болады деп болжанып отыр. Табысы осы деңгейден төмен халықтың үлесі қазіргі уақытта 5,4%-дан 5,2%-ға дейін азаяды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер